Облыс орталығында Еркеғали Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармониясының үремелі аспаптар оркестрі мен камералық хоры "GAME EVOLUTION VOL.2» атты концерт қойды. Музыкалық кеш барысында компьютерлік ойындардың танымал әндері шырқалды. Арна тілшісі Әміре Ақбатай айтып берсін.
Еркеғали Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармонияның үрмелі аспаптар оркестрі мен камералық хоры әзірлеген ерекше бағдарлама компьютерлік ойындардың танымал саундтректерінен құралған. Музыкалық кешке жиналған солтүстікқазақстандық көрермендер таныс әуендерді монитор алдында емес, концерт залында тамашалауға мүмкіндік алды.
НИКИТА ПОЧИТАЛИН, Е.РАХМАДИЕВ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК АКАДЕМИЯЛЫҚ ФИЛАРМОНИЯСЫНЫҢ КӨРКЕМДІК ЖЕТЕКШІСІ:
- «Бұл жолы көрермен назарына «Game evolution» бағдарламасын ұсындық. Филармонияның үрмелі аспаптар оркестрі мен камералық хоры танымал компьютерлік ойындардың әндерін өнерсүйер қауымға ұсынды. Ұжым бұл концертке ұзақ уақыт дайындалды. Әзірлеген бағдарламамыз солтүстікқазақстандықтардың көңілінен шықты деген ойдамыз. Біз осы жоба арқылы жастарды өнерге тартқымыз келеді»
Концерт барысында классикалық және заманауи ойындардың саундтректері шырқалды. «Sonic», «DOOM» және басқа да маңызды жобаларға көрермендер ыстық ықылас танытты. Филомания ұжымы мұнымен тоқтап қалмақ емес. Оркестр көп ұзамай көрермендерін жобаның үшінші бөлігімен таныстыруды жоспарлап отыр.