Облыс орталығында кәмелетке толмаған 26 бала полиция есебінде тұр. Петропавлдық ювеналдық полицейлердің бастамасымен Солтүстік Қазақстан университетінде жоғары оқу орнының жетекшілерімен және мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдерінің қатысуымен кездесу ұйымдастырылды. Жасөсіпірімдер мен балалар арасында қылмыс пен құқық бұзушылықты болдырмау мақсатында ұйымдастырылған іс-шара жайында келесі бейнематериалда.


 Полицейлердің ақпаратына сәйкес, өткен жылы кәмелетке толмаған қала тұрғындарымен 19 қылмыс жасалған. Заң бұзушылықтардың жасалуына көп жағдайда отбасылардың қолайсыздығы, ата-аналар тарапынан бақылаудың аз болуы себеп болады. Полицейлер мен мемлекеттік органдардың өкілдері мектептер мен колледждердің директорларын отбасын қолдау және отбасылық құндылықтарды нығайту бойынша жұмысты қолға алуға шақырды.


- можно так сказать, что закрепляется, закрепляют за этим ребёнком, ну, как бы наставника, т.е. этот ребёнок должен тянуться к этому педагогу


 Өткен жылы полиция қызметкерлерінің бастамасымен кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысында 27 материал қаралған. Бүгінде полицияда 26 кәмелетке толмаған бала есепте тұр.


Оңалбек Әбдікәрімов, Петропавл қ. ПБ ювеналдық полиция бөлімшесінің бастығы:

- Кездесудің себебі – қылмыстың алдын алу, болдырмау, мұғалімдермен, директорлармен бірлесіп жұмыс істеу. Өткен жылы көп іс-шаралар өткіздік. Алдағы оқу жылында да көп іс-шаралар өткіземіз. Балалардың тәртібі ювеналдық полиция бөлімшесінің бақылауында.


Полицейлер мен педагогтардың бірлескен осындай кездесулері оқу жылы бойы өткізілмек. Жасөспірімдер қылмысы мен олардың қараусыз жүруінің алдын алу жөніндегі жұмыс полиция басшылығының тұрақты бақылауында.