«Құқықтық, әлеуметтік және медициналық көмек көрсету бойынша бірлескен іс-шараларды дамыту» тақырыбында KOZYBAYEV UNIVERSITY дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға университет мұғалімдері, денсаулық сақтау, құқық қорғау органдарының қыметкерлері мен полицейлер қатысты.


 Ұйымдастырушылардың сөзінше, университеттің топ кураторларымен кездесу барысында, оқу орнында құқықтық, әлеуметтік және медициналық қамтамасыз етуде күрделі мәселелер бар екені анықталған. Сол себепті, кәсіби мамандардың қатысуымен осы жиын ұйымдастырылған. Іс-шараның мақсаты, ЖОО тәртіп бұзушылықтың алдын-алу. Яғни, студенттер арасындағы бірін-бірі бопсалау сынды мәселелерді шешіп, оларға кәсіби тұрғыда психологиялық көмек көрсету бойынша мамандардан кеңес алу.


АҚМАРАЛ ТҰРҒАЛЕЕВА, ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕР ЖӘНЕ ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕРМЕН ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСУ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕС МҮШЕСІ:

- «Біз студенттер арасында кездесетін бопсалау, психикалық және медициналық көмек көрсету мәселелерін талқыладық. Университетте құқық бұзушылықтың алдын-алу үшін не істеуіміз керек, қандай көмек көрсетуіміз керек екенін ақылдастық.Бұл шара оқу орнымызда алғаш рет ұйымдастырылып отыр.»