Өткен жылдың наурыз айынан бастап облыста әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы жұмысын бастады. Жоба аясында өз ісін бастағысы келетін әйелдерге қаржылай емес қызметтің 7 түрі ұсынылған. Ал кәсібі бар қыз-келіншектер өз ісін әрі қарай дамытуға ақыл-кеңес алады. Орталықтың қызметі жайлы арна тілішілерінің бейнематериалында.


Анар Ысқақова 2015 жылы «Ай-бөбек» балаларДЫ дамыту орталығының негізін қалаған. Ол көптен бері өз ісін әрі қарай дамыту туралы ойлап, бірақ қалай іске кірісерін, неден бастарын білмеген. Оған әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының қызметкерлері көмекке келді. Нәтижесінде іскер әйел бүгінде облыста балалар дамыту орталығының 2 филиалын ашты. Қазіргі таңда орталықтарда 20 ұстазбен 100 ден астам шәкірт тәрбиеленуде.Іскер әйелге британдық бизнес мектебінің "Нетворкинг" бағыты бойынша онлайн оқытуды үздік аяқтағаны үшін, британдық бизнес мектебінің арнайы алғыс хаты табыс етілді.


АНАР ЫСҚАҚОВА, КӘСІПКЕР:

- Осы оқу туралы Асел Ержанова арқылы білдім.Ол кісі мені осында шақырды көп білім алдым Аселмен бірге жұмыс жасап үлкен нәтижелерге жеттім.Осы жылы мен 3 филиал аштым 1 филалдан бастап биыл 3-ші филиалды аштым.


Британдық онлайн-тренингке өңірден 10 іскер әйел қатысқан. Олар кеңес беру,өзекті мәселелерді және әйелдердің қажеттілігін анықтау,кәсіби дағдыларды дамытуға арналған қызметтер,кооперация, әлеуметтік кәсіпкерлікті және инвестиция тартау сынды бағыттар бойынша кеңестер алып,бүгінде өз істерін дөңгелетіп отыр.


 ИРИНА ВАСИЛЬЕВА, СҚО БОЙЫНША ӘЙЕЛДЕР КӘСІПКЕРЛІГІН ДАМЫТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ КЕҢЕСШІСІ

 - Біздің орталық оқытудан басқа да көптеген қызмет көрсетеді. Мәселен кәсіпкерлерге қажетті жабдықты таңдауға көмектесеміз. .Біз жабдықты жеткізушілер базасын дұрыс таңдауға көмектесеміз.Бизнесін бастаймын дейтін іскер әйелдерге жабдықты өндіруші ретінде ұсына алатын бірқатар кәсіпорындарымы з да бар.


Облыста осы орталықта былтыр 380 әйелге түрлі бағыт бойынша қызмет көрсетілген. Орталық әрқайсысының өтінішін қарап, олардың мәселелерін шешуге көмектесіп келеді.