Елімізде ауыл тұрғындарының денсаулығын жақсартуға арналған «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы жүзеге асырыла бастады. Ол Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей тапсырысымен қолға алынған. Өңірде жоба аясында 46 медициналық нысан бой көтермек. Бүгін өңір аудандарының ауруханаларына 14 санитарлық көлік тапсырылды. Іс-шарада облыс әкімі Айдарбек Сапаров болды. Тақырыпты әріптесім Нұрбол Балғабеков толықтырсын.


Биыл облыста «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында біраз іс басталмақ. Алдағы уақытта өңірдің ауыл-аймақтарында 46 медициналық нысан салынады. Соның ішінде медициналық және фельдшерлік-акушерлік пунктер бар. Дәрігерлік амбулатория салынады. Бүгін аталған жобаны жүзеге асыру аясында облыс аудандарының ауруханаларына 14 санитарлық көлік тапсырылды. Жаңа көліктерді көрген Айдарбек Сапаров медицина саласын одан әрі қарай дамытуға қомақты қаржы бөлінетінін жеткізді.


АЙДАРБЕК САПАРОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша елімізде ауыл тұрғындарының денсаулығын жақсартуға арналған «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы басталды. Оның аясында өңірімізде 46 медициналық нысан салынады. Қазіргі таңда жобалық-сметалық құжат әзірленіп жатыр. Сонымен қатар осы жобаны іске асыру барысында 14 санитарлық көлік сатып алынып отыр. Енді сіздердің міндеттеріңіз – халыққа сапалы медициналық көмек көрсету.»


 Биыл облысқа 280 маман тартылған. Бұл жұмыстар жалғасын табуы тиіс. Себебі, медицина саласындағы кадр тапшылығы өзекті мәселе.


АЙДАРБЕК САПАРОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- «Бізде бір мәселе- ол бізде дәрігерлер жетіспейді. Осы мәселені біз қазір қарап жатырмыз. Қалай тез шешіп тастауға. Өйткені, бір дәрігерді дайындауға 11 жыл керек. Оған тосатын уақыт жоқ. Оны жасай береміз өз жағынан. Бірақ та қазір тез шешу үшін дәрігерлерді іздеп, оларға жағдай жасау керек. Ауылды жерде үйлер керек. Үйде бүкіл жағдайы болуы керек. Үйдің бүкіл жағдайы болуы керек. Ішінде суы, жылуы болуы керек. Сонда ғана олар осы жерде тоқтайды, жұмыс жасайды.»


Айдарбек Сапаров атап өткендай, биыл медициналық жабдықтар мен техниканы сатып алуға 5 милилард теңге қарастырырылған. Сонымен қатар, медициналық мекемелерді жөндеуге 1,5 миллиард теңге қаржы бөлінді. Мына қаз-қатар тізілген «JAC» маркалы санитарлық көліктер бүгін аудандарға жіберіледі. Жыл соңына дейін тағы осындай 10 көлік сатып алынбақ. Осылайша, өңірде санитарлық көліктердің тозуы 10 %-ке төмендемек.


 ҚҰМАР КҮСЕМІСОВ, СҚО ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

- « Жақында облыс әкімі Айдарбек Сапаров облыс аумағын аралап шықты. Оның барысында өңір жетекшісі денсаулық сақтау нысандарына ерекше назар аударды. Медициналық және фельдшерлік-акушерлік пункттерге соғып, дәрігерлермен және науқастармен кездесіп, бірқатар маңызды сұрақтар көтерілді. Бүгінде өңір аудандарындағы медициналық нысандардың тозығы жеткен. Жабдықтар да ескірген. Оның бәрі алдағы уақытта жөнделіп, ауыстырылатын болады.


Жандос Зағыпаровтың денсаулық сақтау саласында еңбек етіп жүргеніне 7 жыл. Бүгінде ол Жамбыл аудандық ауруханасында фельдшер. Маманның айтуынша жаңа сатып алынған көліктер сапалы медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік бермек.


ЖАНДОС ЗАҒЫПАРОВ, ЖАМБЫЛ АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ ФЕЛЬДШЕРІ:

- «Біздің науқастарға жедел түрде көмек көрсетуге және алғашқы шұғыл көмекті көрсетуге арналған көліктер. Амандық болса, енді осы көліктермен жүріп, жақсы сапалы медицина көрсетеміз деген ойдамын. Несімен тиімді? Жаңа, бір жағынан жылы, науқастарға жақсы болады деген ойдамын. Шалғай ауылдарға баруға өте тимді, асты биік.»


Бір санитарлық көліктің бағасы 18 миллион теңгеден асады. Құмар Күсемісовтің сөзіне қарағанда, автопаркті толық жаңартуға тағы осындай 45 көлік қажет екен. Себебі, жедел жәрдем көліктерінің басым бөлігінің тозығы жеткен.



Нұрбол Балғабеков