2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлік бойынша ұлттық жоба аясында «enbek.kz» порталында жұмысшы кадрларды тартуға қатысты өтінімдерді қабылдау басталды. Оған бір жылдан артық жұмыс істейтін және тұрақты салық пен әлеуметтік аударымдарды жүзеге асыратын кәсіпорындар өтінім бере алады.


 "Жастар тәжірибесі", "Әлеуметтік жұмыс орындары", "Ұрпақтар келісім шарты", "Қоғамдық жұмыстар", "Ұлттық жоба " және "Бірінші жұмыс орны" сынды бағдарламалар ұсынылды. Әр бағдарламаның өз талаптары бар. Толық ақпаратты «enbek.kz» порталынан немесе халықты жұмыспен қамту орталықтарынан алуға болады. Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы аталған жобалар бойынша 715 адам жұмыспен адам қамтылып, 86 адам кәсіптік оқудан өтті.


 ӘЙГЕРІМ АСЫЛТАЕВА, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МАМАНЫ:

-  «Жұмыс берушілердің өтінімдері бойынша кәсіптік оқытуға ерекше назар аударғым келеді. Яғни, бұл біліктілікті арттыру және адамдарды тұрақты жұмысқа орналастыру мақсатында өткізілетін кәсіптік даярлау. Барлық шаралар ҚР халықты жұмыспен қамту туралы заңында көзделген нормалар бойынша жүзеге асырылады. Петропавл қаласының ірі кәсіпорындары мен ұйымдары жұмыс орнын БЕРУ АРҚЫЛЫ кәсіптік оқытуға қатыса алады.»