Өңірде 10 қаңтардан Ұлттық бірыңғай тестілеу басталды. Маңызды емтихан Петропавл қаласы және Ғабит Мүсірепов ауданының Новоишимка ауылында орналасқан Ustudy өңірлік тестілеу орталықтарында электрондық форматта өткізіліп жатыр. Тестілеуді ЖОО шартты түрде қабылданған, сондай-ақ, басқа мамандықтарға ауысқысы келетін студенттер де тапсыра алады.
Қаңтар айындағы тестілеу қорытындысы бойынша шекті деңгейден өткен 11-сынып оқушылары Қазақстанның жоғары оқу орындарына коммерциялық негізде оқуға түсуге құқық беретін сертификаттарға ие болады. Білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысқысы келетіндер үшін жазғы тестілеуге міндетті түрде қатысу қажет. Биылғы өңірде мектепті 3345 түлек тәмамдағалы жатыр.Олардың 71% қаңтардағы ҰБТ-ға қатысуға мүмкіндік алып отыр, қазіргі уақытта 2 мыңнан астам түлек өтініштерін білдірген.
ГҮЛМИРА ОСПАНОВА, М. ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ СҚУ ҚАБЫЛДАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:
- Егер де төрт мүмкіндікті тапсыра алмаса олар бірінші курстан екінші курсқа өте алмайды. Оқулары беске болса да,ұбтының нәтижесі болмаса олар оқуды ары қарай жалғастыра алмайды. Бізде университетімізде осындай жиырма бес адам бар әр мамандықты екі үш адамнан.
Талапкерлер 5 пән бойынша 120 сұраққа жауап берулері тиіс. Шекті баллды жинағандар университетте одан әрі оқу құқығына ие болады. Шартты түрде қабылданған студенттер, бірінші курс студенттері бір жыл ішінде төрт рет тестілеуден өте алады. Нұрбол Серіков - өткен жылғы тестілеуде шекті баллды еншілей алмаған. Осыған байланысты талапкер университетке шартты түрде қабылданыпты.
НҰРБОЛ СЕРІКОВ- М.ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ СҚУ-ГЕ ШАРТТЫ ТҮРДЕ ҚАБЫЛДАНҒАН СТУДЕНТІ:
- Алдынғы жылы августа ент тапсырдым сол ентдан шекті баллды жинай алмадым.Университет бағдарламасы бойынша бізге екінші мүмкіндік берлді,қазір мен ент тапсыруға келіп отырмын бізде үш мүмкіндік бар. Үш мүмкіндікті пайдалана алмасам әрі қарай университете оқи алмаймын.
Өңірімізде ҰБТ 10 ақпанға дейін жалғаспақ. Шекті деңгейдегі баллды жинаған студенттер оқуын әрі қарай жалғастыра алады. Ал түлектер онын ко́рсеткiшiмен ЖОО ақылы негізде түсе алады.