Жерлесіміз Тимофей Скатов Аустралия ашық чемпионатының іріктеу сайысын жеңіспен бастады. Әлемнің 144-ші ракеткасы саналатын Тимофей Скатов алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингте 215 орында тұрған америкалық Николас Морено де Альборанмен кездесу өткізді.


Тимофей Скатов екі сетке созылған матчта 6:3,6:4 есебімен жеңіске жетті.1 сағат 23 минутқа созылған бәсекеде петропавлдық теннисші 1 эйс жасап, 5 брейк-пойнттың екеуін сәтті пайдаланды. Айта кетейік, Тимофей Скатов іріктеу сайыстарының финалына шығу үшін әлемнің 155-ші ракеткасы, чилилік Николас Харримен таласатын болады.Қос спортшының арасындағы кездесу қантардың 11-і Астана уақытымен таңғы сағат 5:00-де Австралия қаласының Мельбурн Парк стадионында өтеді.