Бүгін өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Мағжан Жұмабаев ауданының әкімі есеп берді. Қайрат Омаров ауданның әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы және әлеуеті зор жобалар туралы журналистерге баяндады.


Аудан экономикасының негізі - агроөнеркәсіптік кешен: Атап айтқанда егіншілік және мал шаруашылығы. Мәселен, биыл ауданда дәнді дақылдардың жалпы көлемі 302 мың га құраса, майлы дақылдар алқабы – 95.8 мың га жеткен. Бұдан басқа биыл 230 мың гектар алқапқа 16 мың тоннадан астам минералды тыңайтқыш енгізген, 252 ауыл шаруашылығы техникасы мен құралдары сатып алынған, 3 мың тоннадан астам элиталық тұқым әкелінді. Ал бес білім беру нысанын күрделі жөндеуге 450 миллион теңгеден астам қаржы бөлінген. Олар: Ұзынкөл мектебі, Медвежинская, Советская, Булаев №2 орта мектебі және Полудин балаларды қолдау орталығы. Сондай ақ ауданда салынып жатқан құрылыс және жол жөндеу жұмыстарының қарқыны баяндалды.


ҚАЙРАТ ОМАРОВ, М. ЖҰМАБАЕВ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Аудан аумағында 700 км қатты, топырақ және қиыршық тас төселген жолдар бар. Ағымдағы жылы жолдарды жөндеуге 2.3 млрд теңге бөлінді, бұл шамамен 50 км жолды жөндеуді қамтуға мүмкіндік берді. Ең үлкен жөндеу жұмыстары Бинаш, Советское, Полудино, Байтерек, Новотроицкое, Жастар ауылы ішіндегі жолдарды орташа жөндеу, «Булаево-Конюхово» жолы, «Надежка-Каракога», Булаев қаласы ішіндегі жолдарды орташа жөндеу.