Погон таққан әртістер Мағжан Жұмабаев ауданында, өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығында болды. Полицейлер балалар мен жасөспірімдерге арналған қайырымдылық концертін берді. Облыстық полиция ведомствосы баспасөз қызметі әзірлеген сюжетке назар аударайық.


Тәртіп сақшылары Полудин орталығына жиі барады. Олардың әр келуі балдырғандар үшін мереке. Балалар үйіне аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері ғана емес, облыс орталығынан да қонақтар келді.


ӘБІЛҒАЗЫ ҒАБДУЛЛИН, СҚО ПД КАДР САЯСАТЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:

- Бүгін сіздерге мәдени орталығымыздың ұжымы концерт қояды. Орталық қызметкерлеріне, тәрбиеленушілерге мықты денсаулық, жұмыста сәттілік, бақыт, амандық тілеймін: Әр күн тек қуанышқа толы болсын. Балалардың күлкісі шат болсын. 


Қайырымдылық концерті балалар жылы мен қазақстандық полицияның 30 жылдығына орай ұйымдастырылды. Полиция департаментінің әртістері балалар мен педагогикалық құрамды мемлекеттік және орыс тілдеріндегі танымал әндермен қуантты.


 АЛЕВТИНА ГОРБУНОВА, 11-СЫНЫП ОҚУШЫСЫ:

- бүгінгі іс-шарадан кейін мен де осы қызметкерлердің қатарына қосылғым келді. Полиция қызметкері бол отырып, вокалмен айналысуға, осындай музыкалық шығармаларды орындауға ниет білдірдім. Өйткені бұл өте әдемі, маған өте ұнады.


Кездесу соңында жас көрермендерге сыйлықтар мен балмұздақ таратылды. Биылғы жыл полицейлер үшін ерекше: 23 маусымда еліміздің құқықтық тәртіп сақшылары қазақстандық полицияның 30 жылдығын атап өтті. Тәртіп сақшыларының қайырымдылық іс-шаралары мерейтойлық жылдың соңына дейін жалғасады.