5-желтоқсан халықаралық волонтерлер күні. Көмек керек кезде қол ұшын созатын, қайырымдылық іс-шаралардан қалмай, экологиялық акцияларға белсене қатысатын жандырдың кәсіби мейрамы. Осыған орай бүгін бір топ азамат марапатқа ие болды.


Залда отырған бұл жандар өзінің бос уақыты мен күш жігерін мұқтаж адамдарға арнап, қоғам игілігі үшін жұмыс істеп келеді. Біреудің қайғысына бей-жай қарамай, үнемі қолдау білдіріп жүретін волонтерлер атқарған қызметі үшін ақы да талап етпейді. Сондықтан еріктілердің еңбегі өлшеусіз деді оларды кәсіби мерекемен құттықтаған облыстық ардагерлер кеңесінің өкілдері. Өңірдегі волонтерлер ұйымның қатарында қазіргі таңда 10-нан астам аға буын өкілі де бар.


 БЕЙБІТ ӘБІЛЕВ, ОБЛЫСТЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Тұрмыстар нашар, ауру, мүгедек жандарға және елімізде түрлі жағдайлар болғанда, мысалы, Қостанайдағы өрт, су тасқыны болғанда олар жиналып, өздерінің қаражаттарын жинап көмек көрсетеді. Олардың көп болғаны жақсы. Және жылдан жылға олардың қөатары артып келеді.


Ерекше белсенді волонтерлерге бүгін алғыс хаттар табыс етілді. Мерекеде марапатталғандардың бірі - Ольга Прочуханова. Жасы 70-тен асса да қария белсенді. Түрлі экологиялық акцияларға қатысып, табиғатты қорғауға үлес қосып келеді.


ОЛЬГА ПРОЧУХАНОВА, ВОЛОНТЕР:

- Мен бұл қозғалыс жайлы жаңалықтардан сюжет көрдім. Бір жас жігіт жағажай мен ормандарды қоқыстан тазартып жүр екен. Сосын үйде болса да жай отырмын ғой, неге менің де еліме пайдамды тигізбеске деген ой келді. Сөйтіп, 3 жыл бұрын экологиялық акцияларға қатыса бастадым. Туған жерімнің гүлденуіне үлес қосып жатқаныма қуаныштымын.


Бүгіндері облыс орталығында ғана 100-ден астам волонтер бар. Олар түрлі іс-шараларға белсене ққатысады.