Бүгін өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Тайынша ауданының әкімі Берік Әлжанов есеп берді. Ол ауданның әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен перспективалық жоспарлары туралы журналистерге баяндады.


 Аудан экономикасының негізгі қозғаушы күші агроөнеркәсіптік кешен: Атап айтқанда өсімдік және мал шаруашылығы болып табылады. Мәселен, биыл ауданда 415,3 мың тонна астық және 86,2 майлы дақыл жиналды. Берік Ақылжанұлы ағымдағы жылдың жоғары өнімділігінің негізгі үш факторға тоқталды. Ол тұқым қорын жаңарту, минералды тыңайтқыштар енгізу және машина-трактор паркін жаңарту. Бірақ ауылда тұруға лайықты жағдайлар болмайынша, бірде-бір сала серпінді жұмыс істемейді. Сондықтан аудан басшысының ақпараты бойынша ағымдағы жылы ауданға қарасты 20-ға жуық елді мекенде көше жарығына 400 миллион теңгеден астам қаражат бөлінді. Бұл сома өткен жылмен салыстырғанда 10 есеге көп. Ал жолдарды жөндеуге 8 жоба бойынша 1,6 миллиард теңге бөлінді. Сондай ақ ауданда салынып жатқан құрылыс және сумен қамту жұмыстарының қарқыны баяндалды.


БЕРІК ӘЛЖАНОВ, ТАЙЫНША АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ: