Өңірдің жаңа басшысы Айдарбек Сапаров өзінің алғашқы жұмыс күнін стратегиялық нысан - Петропавл 2-ЖЭО-на барудан бастады. Облыс әкімі нысандағы қалпына келтіру-жөндеу жұмыстарының барысын көрді. Кәсіпорын басшылығының орталықтың жұмысына қатысты есебін тыңдады. Жылу орталығы қыстың көзі қырауда өңірді үздіксіз жылумен қамтуға қауқарлы ма? Облыс әкімі мамандарға қандай тапсырма берді? Әріптесім Майгүл Сейілбектің бейнематериалында.


Бүгінгі күні орталықта жеті қазандық агрегаты толық қуатта жұмыс істеп тұр. Тағы екеуі резервте. Аяз қысқан жағдайда ол екеуі де іске қосылады. Бұдан бөлек тағы екі қазандықта жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Кәсіпорын бас директорының айтуынша, жұмыстар жоспар бойынша атқарылып жатыр. Алаңдауға негіз жоқ. Қала тұрғындарын жылумен қамтуда мәселе туындамайды. Өңір басшысы жағдайды бақылауда ұстайтынын атап өтті.


АЙДАРБЕК САПАРОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

-  Жылу мәселесі Президенттің тапсырмасы, бақылауда ұстау керек. ТЭЦтан бастадым. Көріп, біліп кетейін деп. Тапсырма қала әкіміне беріп жатырмын, мектептерді, бәлністерді жылу болу керек.


Қазіргі таңда ЖЭО-дағы басты мәселе – көмір тапшылығы. Әкімдіктің қолдауымен жақында бұл да өз шешімін таппақ. Дүйсенбі кәсіпорынға көмір тұйықтарынан қара отынның тағы бір легі жеткізіледі деп күтілуде. Айдарбек Сапаров өз орынбасарына бұл мәселені бақылауда ұстауды тапсырды.


АЙДАРБЕК САПАРОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

-  Көмір мәселесі жөнінде 20-25 күндік запас болу керек. Сондықтан бұл жерде вагондармен проблема баре кен. Бүгін КТЖнің басшылығымен сөйлестім. Дүйсенбі жеткізуі керек. Осы қысты аман есен шығуымыз керек. Жылу жарық болуы керек.


Осы айда Петропавл 2-ЖЭО жұмыс істейтін қазандықтардың саны онға жеткізіледі. Бұл станцияға жылу және электр энергиясын өндірудің нормативтік жүктемесін сақтауға мүмкіндік береді.