Мемлекет тарапынан өмірлік түрлі қиындықтарға тап болған жандарға атаулы әлеуметтік көмек ұсынылады. СҚО-да аталған көмекке мұқтаж 2 мыңнан астам отбасы бар. Аталған жәрдемақыны алу үшін қандай талап болу керек? Тақырыпты тілші жалғасын.


Алина Агафонцева 3 бала тәрбиелеп отырған жалғызбасты ана. Жұмысынан айырылып, қиын жағдайға тап болған кезде әйел ЖҚО көмегіне жүгінген. Орталық қызметкерлері жалғызбасты анаға пробация қызметінде бос орын ұсынып, атаулы әлеуметтік көмек тағайындады.


АЛИНА АГАФОНЦЕВА, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

- «Маған қоғамдық жұмыс бағдарламасы бойынша пробация қызметінде бос орын ұсынылды. Жалақысы - 91 мың теңге. Қажеттіліктерімді өтеуге жетеді. Сонымен қатар бағдарлама бойынша қосымша әлеуметтік көмектер ұсынылады. Оның ішіне балаларымның мектепте тегін тамақтануы, жол жүруі және мектепке қажетті тауарлармен қамтамасыз етілуі кіреді.»


Алина сияқты облыста аталған көмекпен 2 мыңға жуық тұрғын қамтамасыз етілген. Оның ішінде 475 отбасы шартты ақшалай көмек алса, ал 241 отбасыға шартсыз көмек ұсынылады. 116 солтүстік қазақстандық Жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылды, оның ішінде 95-і тұрақты жұмыс орнында еңбек етуде.


 АЙНАГҮЛ БҰРТҰБАЕВА , ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БӨЛІМ БАСТЫҒЫ:

 – «Заңда АӘК-нің екі түрі анықталған. Ол шартсыз және шартты. Шартсыз көмек ол отбасыда еңбекке қабілетті адамдар жоқ немесе біреуі бар, бірақ ол отбасының біреуіне қамқорлық жасауға мәжбүр болса көрсетіледі. Ал шартты көмек құрамында еңбекке қабілетті адам бар отбасыларға тағайындалады.»


 Айта кеткен жөн, егер отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен төмен болса, онда олар Жұмыспен қамту орталығына жүгіне алады.