Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Айдарбек Сапаров Петропавлда су желісінде болған апат орнына барып жағдайды көрді.


Түнде өңір басшысы Айдарбек Сапаров осы салаға жауапты орынбасары Сәтжан Аблалиевпен оқиға орнына барып жағдайды көзімен көрді.Бұл жайында әлеуметтік желіде әкімнің баспасөз қызметі хабарлады. Петропавлда әзірге су беру толық қалпына келген жоқ. Оқиға орнында авариялық бригада түнімен жұмыс істеп, алты үйдегі жағдай қалыпқа келді. Жөндеу жұмыстары бір минут та тоқтаған жоқ. Апаттың себебі анықталады. Екі құбыр қосылған жер сөгіліп кеткен. Бұл жерде былтыр жөндеу жұмыстары жүргізілген еді. 100 млн теңгеден астам қаражат жұмсалды. Диаметрі 800 болатын 308 метр құбыр ауыстырылды. Шығын көлемі әзірге белгісіз.