№ 48 түзеу мекемесінде сотталғандар дін мамандармен кездесті. Мұндай кездесулер аталмыш мекемеде жиі өткізіліп тұрады. Шара барысында діни экстремизм мен радикализм идеяларының таралуына қарсы тұру туралы әңгімелер жүргізілді. Тақырыпты тілшіміз толықтырады.


 Кездесу барысында дін саласының мамандары бірінші кезекте сотталғандарға ішкі тәртіп ережелерін бұзбай намазды қалай жасау керектігін еске салды. Түрмеде мұндай кездесулер апта сайын өткізіліп тұрады.


АЗАМАТ ҚАЛМЫШЕВ, №48 МЕКЕМЕНІҢ ИНСПЕКТОР-ТЕОЛОГЫ:


 Қылмыстық-атқару жүйесінің мақсаты сотталғандарды түзету және қылмыстардың қайталануының алдын алу. Аталған мақсатты жүзеге асыру үшін осындай уағыз насихат жұмыстары маңызды рөл атқарады. Сонымен қатар насихат жұмастары діни экстремизм мен радикализм идеяларының таралуына қарсы тұруға септеседі.


АРМАН УАҒАЗОВ, "ҚЫЗЫЛЖАР" ҚАЛАЛЫҚ МЕШІТІНІҢ ИМАМЫ:


Кездесу тақырыбы "Алла Тағалаға сенім" деп аталды. Әңгіме барысында исламның парыз құлшылықтарын берік ұстану, өлімнен кейінгі ақірет күніне сену жайлы уағыз насихат өтті. Шара соңында діни мамандар тұтқындардың қызықтырған сұрақтарына жауап берді.