Негізгі Жаңалықтар Петропавлда көпбейінді кешен бой көтеруде

Петропавлда көпбейінді кешен бой көтеруде

Облыс орталығында жаңа көпбейінді кешен салынып жатыр. «NEOLIFE» жобасында тұрғын үй, қонақүй, бизнес орталығы мен коммерциялық нысандар бір аумақта орналасады. Жобаны «YDA» Халықаралық компаниясы жүзеге асыруда. Жалпы аумағы 43 мың шаршы метрге жуық кешен заманауи талаптарға сай салынып жатыр.

Жоба аясында үш 16 қабатты тұрғын үй блогы, 9 қабатты қонақүй мен 9 қабатты бизнес орталығы қарастырылған. Сонымен қатар, коммерциялық орындар мен автотұрақ болады. Кешен аумағы абаттандырылып, құрылыс кезінде энергия тиімділігіне басымдық берілмек. Солтүстік өңірдің климаттық ерекшеліктері де ескерілген.

СНХР: ТУРАН ДЕРЙА, ЖОБА ЖЕТЕКШІСІ 

Бөлісу