Негізгі Жаңалықтар 25 қыркүйек – Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні

25 қыркүйек – Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні

Мемлекет басшысының өкімімен Маңғыстау облысында қызметтік міндеттерін атқару кезінде әскери қызметшілердің қаза табуына байланысты 2026 жылғы 25 қыркүйекте Қазақстан Республикасында жалпыұлттық аза тұту жарияланды. Бұған дейін Президент қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқан әскери қызметшілердің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтқан болатын. Мемлекет басшысы үкіметтік комиссияға оқиғаның мән-жайын анықтау және қаза тапқандардың отбасыларына қажетті көмек көрсету үшін барлық тиісті шараларды қабылдауды тапсырды. Еске сала кетейік, 24 қыркүйекте Маңғыстау облысында Әскери-теңіз күштерінің оқу-жаттығуы кезінде әскери қызметшілерді теңізге ағызып әкеткен болатын. Төтенше жағдай Каспий теңізінің жағалауында ауа райының күрт бұзылуы мен желдің күшеюі салдарынан оқу-жауынгерлік тапсырманы орындау барысында орын алды.


Бөлісу