Қаржы пирамидасы қалай жұмыс істейді?
Қаржылық пирамидалар инвестициялық жобалар, биржада ақша табу мүмкіндігі, тіпті заманауи технологиялар түрінде де жасырынып жатады. Олар жоғары табысқа уәде бергенімен, соңында адамдар жинаған қаражатынан айырылып қалуы мүмкін. Мұндай жағдайда ақшаны қайтару үшін қандай шаралар қабылдау қажет және қаражатты сеніп тапсырмас бұрын ұйымның заңдылығын қалай тексеруге болады деген мәселе туындайды.
Қаржылық пирамиданың құрбаны болғаныңызды түсінген жағдайда, ең бастысы - барлық дәлелді сақтап қалу шарт. Хат алмасулардың скриншоттарын, қоңыраулар тарихын, ақша аударымдары мен құжаттардың барлығын сақтаған жөн. Кез келген дерек тергеу үшін маңызды болуы мүмкін. Неғұрлым көп ақпарат сақталса, болған оқиғаның мән-жайын анықтап, ақша аударымдарының ізін қалпына келтіру соғұрлым жеңіл болады.
ОЛЬГА ГАВРИК, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ АДВОКАТТАР АЛҚАСЫНЫҢ АДВОКАТЫ
Ақша аудармас бұрын компанияның заңдылығын тексеруге де болады. Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми сайтында қаржылық пирамиданың белгілері бар ұйымдар туралы ақпарат жарияланады. Мамандар компанияның немен айналысатынын анықтап, келісімшартты мұқият зерделеуге кеңес береді. Сондай-ақ қажетті лицензиясының бар-жоғына көз жеткізу маңызды.
ОЛЬГА ГАВРИК, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ АДВОКАТТАР АЛҚАСЫНЫҢ АДВОКАТЫ
Қаржы пирамидасын жарнамалағаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Ал мұндай схеманың қызметі ірі көлемде залал келтірген жағдайда, қылмыстық жауапкершілікке тарту мәселесі туындауы мүмкін.