Негізгі Жаңалықтар Солтүстік Қазақстанда карбондық егін шаруашылығы жобасы іске қосылады

Солтүстік Қазақстанда карбондық егін шаруашылығы жобасы іске қосылады

Солтүстік Қазақстанда карбондық егін шаруашылығын дамытуға бағытталған жаңа жоба іске қосылады. Пилоттық алаң ретінде «Asyl Farms» серіктестігі таңдалды. Жоба аясында топырақтағы көміртекті сақтауға бағытталған заманауи технологиялар енгізіледі.    

Өңірде егін шаруашылығында топырақты барынша сақтауға көңіл бөлініп келеді. Ол үшін жерді аз өңдеу, ауыспалы егісті пайдалану, өсімдік қалдықтарын сақтау сияқты тәсілдер қолданылады. Мамандардың айтуынша, мұндай жұмыстардың экологиялық пайдасымен қатар, шаруалар үшін экономикалық тиімділігі де бар.

ДӘУРЕН ТОҚУЖИНОВ, СҚО АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ

Жоба бойынша шаруашылықтардағы жұмыстар арнайы зерттеу мен бақылаудан өтеді. Топырақтағы көміртек мөлшері анықталып, нәтижесі расталған жағдайда көміртек бірліктерін алуға мүмкіндік беріледі. Бұл бір-екі күнде жүзеге асатын жұмыс емес, сертификаттау процесі шамамен бір жылдан бір жарым жылға дейін созылуы мүмкін.

РҮСТЕМ ҚАБЖАНОВ, «ECOJER» ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ 

Жобаның алғашқы кезеңінде шаруаларға карбондық егін шаруашылығының мүмкіндіктері түсіндіріледі. Алдағы уақытта тәжірибені басқа шаруашылықтарға да тарату жоспарланып отыр.

Бөлісу