Облыстың Құрметті азаматы, Қазақстан спортының құрметті қайраткері, «КСРО-ның спорт шебері» атағының иегері Жамбыл Тасеменов сайлау учаскесіне немерелерін ертіп келіп, дауыс берді. № 659 сайлау учаскесі Петропавлдағы «Жеңіс» олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде орналасқан. Тілшіміз Әміре Ақбатай баяндасын.


Жамбыл Тасеменов Қазақстан спортының құрметті қайраткері, даңқты палуан, КСРО құрама командасының қатарында өнер көрсеткен жалғыз қазақ. Облыстың Құрметті азаматы. Өңірде грек-рим күресінің дамуына елеулі үлес қосты. Облыстық спорт мектеп-интернатының ашылуына мұрындық болды. Бүгін ардагер спортшы сайлауға жақындарымен бірге келді.


ЖАМБЫЛ ТАСЕМЕНОВ , СҚО ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ:

-  «Бірінші президентіміз халықттың дауысын естіп сол мәселелерді шешсе деймін. Халықтың жағдайын жақсарту, жас балаларды тәрбиелеу, спортқа бейімдеу керек. Олар спортпен айналысса денсаулығы мықты болады. Мен өзім спорт маңында көп жыл қызмет еткеннен кейін мен осы жақтағы өзгерістерді қалаймын.»


659 сайлау учаскесі «Жеңіс» олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде орналасқан. Бұл жерде 1210 адам тіркелген. Сайлаушылар арасында алғаш рет қатысатын 8 азамат бар.


КӨПЕЙ БАБАҚОВА, САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ:


 Бүгін сондай-ақ Петропавлдағы көптеген сайлау учаскесінде жәрмеңке ұйымдастырылды. Тұрақтандыру қорынан жеткізілген азық түлектер арзан бағада сатылды.