Бүгін еліміз үшін маңызды күн. Қазақстанда кезектен тыс Президент сайлауы өтіп жатыр. Маңызды науқанға солтүстікқазақстандықтар белсінді қатысып жатыр. Облыстық балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығында орналасқан 595-ші сайлау учаскесіне облыс әкімі Құмар Ақсақалов та жұбайымен келіп, өз таңдауын жасады.


Қала орталығындағы 595-ші сайлау учаскесіне таңертеңнен дауыс берушілер ағылуда. Сағат 10*-ға таман мұнда облыс әкімі Құмар Ақсақалов та келді. Өңір жетекшісінің мереке күнгі көңіл күйі көтеріңкі. Ол әр адам өзінің азаматтық борышын орындауы қажет дейді.


ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Әр адамның дауысы өте маңызды. Әрқайсымыз елдің жарқын болашағын армандаймыз. Оны тек осылай саяси сауаттылықты көрсетіп, белсенділікті көрсетіп, саяси науқандарға қатысып қана жүзеге асыруға болады.


595-ші сайлау учаскесіне 1352 петропавлдық тіркелген. Олардың бірі ҰОС, ал 15-і тыл ардагері. 12 сайлаушы үйде дауыс беруге өтініш тастаған. Тағы мұнда 4 мүмкіндігі шектеулі жан бар. Олар үшін бар жағдай жасалған дейді комиссия төрағасы


Қанат Сәдуақас, №595 САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

- Оларға арнаслған бұрышымыз бар. Сол жерде олар компьютер арқылы аудио, видео ақпаратпен таныса алады. Лифтіміз жұмыс істеп тұр. Пандустарымыз бар. Арнайы кабинкамыз бар. Жалпы сағат 10-ға сайлаушылардың 15 пайызы дауыс беріп үлгерді. Негізінен егде жастағы адамдарп жақсы қатысыяп жатыр.


Тағы учаскіде 9 алғаш дауыс беруші бар екен. Солардың бірі Махаббат Қайратова. Ол мұнда құрбысымен келген. Өз таңдауын жасаған оларға шағын сыйлық табыс етілді.


МАХАББАТ ҚАЙРАТОВА, ПЕТРОПАВЛ ТҰРҒЫНЫ:

- Біздің еліміз дамысын деп дауыс бердік. Біз СҚУ колледжінің студенттеріміз. Біз үшін ең маңызды қадам деп ойлаймыз. 18 жасқа толып осындай шараға қатысу.


Аталған учаскіге келіп өз таңдауын шаһар басшысы Руслан Аңбаев та жасады.

Жалпы сайлаушылардың көңіл күй көтеріңкі. Олар ең бастысы еліміздің жарқын болашағы үшін дауыс бьергендерін айфтады.


-Жақсылық болуы үшін бердім. Барлық халық бірдей болуы үшін және тыныштық болсын.


- Елімізде жақсылық болғаныян қалаймыз. Сол себепті өз конституциялық құқығымызды орындауға келдік.


Дауыс берудің өту барысы - мұндағы байқаушылардың жіті назарында. Алайда, олар бірауыздан қандай да бір заңбұзушылықтарды байқамадық дейді.


АНАСТАСИЯ МАКАРОВА, «БАҚЫЛА» ҚОҒАМДЫҚ ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ БАҚЫЛАУШЫСЫ:

- Осыған дейін біз арнайы оқудан өттік. Біз мұнда сайлау учаскесі ашылған бетте келдік. Әзірге еш заңбұзушылықты байқамадық. Халық өте белсенді.


Тағы мұнда дауыс берушілер үшін жәрмеңке ұйымдастырылыпты. Сайлауға келген тұрғындардың арзандатылған бағамен азық-түлік өнімдерін алуына жағдай жасмалған.