Бүгін кезектен тыс президент сайлауы басталды. Өңірде 655 сайлау учаскесінде халық өз кандидатына дауыс беріп жатыр. Петропавлдағы Ұлттық ұлан академиясының курсанттары да конституциялық құқығын пайдаланып, таңдауларын жасады. Жоғары оқу орнында сағат 9.30-да дауыс беру аяқталды.


Петропавлдағы Ұлттық ұлан академиясында № 655 сайлау учаскесі орналасқан. Бұл жерде жоғары оқу орнының курсанттары, офицерлер, сарбаздар, келісімшарт бойынша қызмет атқарып жатқан әскери қызметшілер және олардың отбасы мүшелері дауыс берді. Дегенмен сайлаушылардың 99 пайызы – Академия курсанттары.


АРДАҚ АЙТЖАНОВ, № 655 САЙЛАУ УЧАСКЕСІ КОМИССИЯ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ:

- Бүгін алғаш рет дауыс беріп жатқан курстанттар саны - 77 адам. Сол ел тыныштығы мен болашағы үшін дауыс беріп жатырмыз.


Әскери Академияның курсанты - Айдос Джұмағұловтың бұл сайлауға екінші рет қатысуы. Алматылық жігіттің айтуынша бүгінгі саяси шарада, әр қазақстандық өз азаматтық позициясын білдіруі тиіс.


АЙДОС ЖҰМАҒҰЛОВ, ҚР ҰЛТТЫҚ ҰЛАН АКАДЕМИЯСЫНЫҢ КУРСАНТЫ:


Ұлттық Ұлан Академиясында бүгін 623 адам дауыс берді. Әскери тәртіпке үйренген жандар сағат 9.30-да таңдауларын жасап болды.



 Айнұр Досан