Облыстың құрметті азаматы Зейнолла Олжабаев 94 жасқа толды. Еңбек ардагерінің туған күніне орай "Қызылжар" қалалық мешітінде кездесу ұйымдастырылды. Жиын барысында қарияның өңір дамуына қосқан ерең еңбегі ұлықталып, құрмет көрсетілді.


Зейнолла Олжабаев теріскей өңірінің құрметті азаматтарының бірі. Ақсақал 1926 жылы қазіргі М. Жұмабаев ауданына қарасты Аралағаш ауылында дүниеге келген. Табандылық пен ерең еңбектің арқасында ол Мәскеу ветеринарлық академиясына оқуға түсіп, зоотехник мамандығын меңгерді. Ғасырға жуық ғұмыр кешкен қарияны құттықтау үшін "Қызылжар" қалалық мешітінде кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараға туған күн иесінің туыстары мен замандас әріптестері қатысып, естеліктерімен бөлісті.


БОЛАТ ҚАЗАНОВ, З. ОЛЖАБАЕВТЫҢ ЖЕРЛЕСІ:


КӘМИЛА ӘЛІБАЕВА, З. ОЛЖАБАЕВТЫҢ ҚАРЫНДАСЫ:


Зейнолла Олжабаев сондай ақ өзінің тарихи шығармаларымен танымал. Өз заманында Зейнолла атамыз Қызылжар өңірінің тарихын зерттеп, бірнеше еңбек жазған. Атап айтқанда оның Батыр Баян мен Аралағаш ауылдарының байланысы туралы " Уақ Шоға Шежіресі "атты кітапты жарыққа шығарды.


ЗЕЙНОЛЛА ОЛЖАБАЕВ, СҚО ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ:


 Зейнолла Олжабаев өмір бойы адал және үлкен жауапкершілікпен еңбек етті. Ақсақалдың өмірлік ұстанымы қоғамға пайда әкелу болды. Кездесуге қатысушылар Зейнолла атаға ұзақ өмір тіледі.