Құнарлы мал азығын әзірлеу. Бүгіндері Солтүстік Қазақстан ауыл шаруашылығы ғылыми зерттеу институтында жемазықтың құнарлы – экстурзиялық түрі шығарылады. Оның артықлышығы жайлы ғалымдар Қызылжар ауданының фермерлеріне айтып берді. Қараша айының үшінші жексенбісінде тойланатын ауыл шаруашылығы қызметкерлері күні қарсаңында өткен шараға арна тілшілері де қатысып қайтты.


Бұл біз білетін кәдімгі, арпа, бидай, жүгерінің тек өңделген түрі. Ғалымдар малға осындай азық беру өнімділікті арттырып, төрт түліктің тезірек салмақ қосуына септеседі дейді.


ДАНИЯР ЖАНТІЛЕУОВ, «СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫ» ЖШС БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ:

- Жай бидай, арпа болса 45 пайыз малға тиімді болады. Ал экстурзиялық процесстен өткен өнімнің тиімділігі 95 пайыз болады. Институтта экструдер деген аппарат бар. оны әдейі тәжірбие өткізуге алғанбыз. Соған бидац, арпаны салып, тәжірбие жасаймыз. 80 градуста өнімді өңдеп және қысым 30 атмосферге дейін барады.


Яғни, шикізат бірнеше өңдеу кезеңдерінен өтіп, бактериялар жойылады, зарарсыздандырылады. Тиісінше, өнімнің құнарлығы артады. Сондықтан осындай жем-азықты бүгіндері шаруашылықтар пайдалануы тиіс. Мұны мамандар жиынға қатысқан фермерлерге айтып, дайындау жолын көрсетті. Ғалымдар экструдерден тек бидай, арпа, жүрегіні ғана емес, рапс, зығыр сияқты өзге де дақылдарды өтткізуге болады дейді. Бүгіндері институт алынған өнімді өңірдегі 3 бірдей шаруашылыққа жеткізеді екен.


АЛТЫНБЕК АБДОЛЛАЕВ, «СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫ» ЖШС ДИРЕКТОРЫ:

- 3 шаруашылықпен келісімшарт жасастық. Ол «Дайындық» және «Қызылжар сүті» серіктестіктерімен Болшая Малышка шаруашылығы. Біздер сауын сиырлары мен бұзауларға экструзияланған өнімдерді беріп жүрміз. Жалпы бүгіндері солтүстікқазақстандық фермерлер шетелдерден асыл тұқымды малды жиі әкеледі. Соңғы 10 жылда аймағызымза 40 мыңнан астам зеңгі баба төлі жеткізілді. Сондықтан оларға сапалы жем-азық беріп, салмағы мен өнімділігін арттыру басты міндет болып отыр.


Айта кету қажет, азықтың мұндай түрін сиыр, жылқы, шошқа, құс тіпті балықтарға да беруге болады.