"Sheksiz oner" - осындай атаумен мүмкіндігі шектелу жандар арасында облыстық шығармашылық фестиваль өтті. Ол осымен 5-ші рет ұйымдастырылып отыр.100-ден астам талантты қатысушы 6 аталым бойынша өнер көрсетіп сынға түсті. Ерекше жандардың шығармашылығын тамашалаған әрпітесіміздің сюжетіне назар аударайық.


Байқау алты аталым бойынша өтті: көркем сөз, көркем және аспаптық өнер, вокал, сәндік-қолданбалы өнер және хореография.Фестивальді "Ардос-Жүрек" мүгедектер бірлестігі ұйымдастырып отыр. Іс-шара дәстүрлі түрде өтеді, әр байқауда көптеген қатысушының қарым қабілеті мен дарыны анықталады. Айта кетейік, байқауға ересектер ғана емес, балалар да қатыса алады.


АҚЖАН КӘРІМ, "АРДОС - ЖҮРЕК" МҮГЕДЕКТЕР БІРЛЕСТІГІ" ЗТБ БАСШЫСЫ:

- Бізде қатысушылар өзі ұнатқан аталым бойынша өнер көрсете алады. Келесі жылы өнердің басқа түрінен бағын сынай алады. Жыл сайын қатысушылардың саны артып келеді.


Облыстық байқауға қатысып жатқан әр қатысушы – дарынды. Кейбіреулер қолданбалы өнерді жетік меңгерсе, басқалары хореография бойынша өз қабілеттерін ортаға салған. Кеңес Медрес бала кезінен мәнерлеп оқуға жаны құштар,бүгінгі іс-шараға да Мағжан Жұмабаевтың бірнеше өлеңін дайындап келіпті. Айтуынша бұған дейін де көптеген шығармашылық сайыстарға қатысып жүлделі орындарға ие болған.


КЕҢЕС МЕДРЕС, ҚАТЫСУШЫ:


Фетиваль қорытындысы барлық қатысушыларға бағалы сыйлықтармен дипломдар, грамоталар табысталмақ.