17ші қараша – халықаралық шала туған балалар күні. Әлемдік статистикаға сүйенсек жыл сайын мерізімінен бұрын дүниеге келетін сәбилер саны 15 млн-ға жуық. Тек Петропавл қаласындағы Облыстық перинаталдық орталықтықта 31 жыл ішінде 2270 шала туған бала дүние есігін ашқан. Бейнематериалға назар аударыңыздар.


Статистикаға сәйкес, әлемдегі әрбір 10 баланың біреуі шала туады. Олардың ішінде дене салмағы өте төмен болып дүниеге келетін нәрестелер де бар. Сондықтан мұндай сәбилердің өмір сүруі үшін күрделі аппаратура, қымбат дәрі-дәрмек мен жоғары білікті медициналық қызметкерлердің болуы аса маңызды. Петропавлдағы Облыстық перинаталдық орталықта 1991 жылдан бері реанимация бөлімінде 2270 шала туған сәбиге медициналық көмек көрсетілген. Олардың 290 ының –дене салмағы өте төмен болған


НАТАЛЬЯ САЛОХИНА, ОБЛЫСТЫҚ ПЕРИНАТАЛДЫҚ ОРТАЛЫҒЫ НЕОНАТОЛОГИЯ БӨЛІМІНІҢ ҮЙЛЕСТІРУШІСІ:

- Біздің перинаталдық орталықта қазір 500 г болып дүние есігін ашқан 3 жаңа туған нәресте бар. Олардың екеуі қыз болса, біреуі ұл. Сонымен қатар қазір мекемемізде «менің қалай өскенімді көрсет?» атты акция жүруде. Біз әрине осынша көп адам акцияға қатысады деп күтпедік. Аналар өз алғыстарын білдіріп, балаларының суреттерін жіберуде. бұл осындай жағдайда ананың балаға деген махаббаты мен сенімінің аса маңызды рөл атқаратындығына тағы бір дәлел. Бізде сәйкесінше қолда бар көмекті береміз.


Меркенің басты мақсаты – нәресте сүйемін деуші ата-аналардың бала өміріне жауапкершілігін қалыптастыру. Себебі, мамандардың мәлімдеуінше шақалақтардың мерізімінен ерте тууындағы басты себеп - ананың жүктілік кезіндегі медициналық тексеруден өтпеуі.


НАТАЛЬЯ САЛОХИНА, ОБЛЫСТЫҚ ПЕРИНАТАЛДЫҚ ОРТАЛЫҒЫ НЕОНАТОЛОГИЯ БӨЛІМІНІҢ ҮЙЛЕСТІРУШІСІ:

- Бала өміріне деген жауапкершілік тек медицина қызметкерлерінің ғана емес, ата-ананың да мойынында. Яғни сіздер сәби күтіп жүрген болсаңыздар, мейлінше жиі медициналық тексеруден өту керек. Себебі жүктілік кезеңіндегі ана денсаулығының сау болуы өте маңызды.


Айсұлу Құрмашеваның бұл тұла бойы тұңғышы. Ол қызын 8 айлығында босанды. Қазір, ана мен баланың денсаулығы бір қалыпты. 26 жастағы әйелдің айтуынша осындай сәттерде жақындарың мен дәрігерлердің қолдауы аса маңызды.


АЙСҰЛУ ҚҰРМАШЕВА, АНА:

- Мен сәбиімді мерізімінен 1 ай бұрын дүниеге әкелдім. Мұнда дәрігерлердің қолдауы жақсы. Не дегенмен босану әйел үшін моральдық тұрғыда қиын. Мамандардың айтуынша, қызым екеуіміз осында әлі бірнеше күн боламыз. Бастысы қазір барлығы жақсы.


Бүгінде Облыстық перинаталдық орталықта мерзімінен ерте туған шақалақтарды күту үшін қажеттінің бәрі бар. Ал 17 қарашада әлемнің барлық перинаталдық орталықтары күлгін түспен жарықтандырылады. Бұл мерізімінен ерте туған сәбилерді қолдау үшін ұйымдастырылады.



Айнұр Досан