9 желтоқсан - халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні. Осыған орай, Петропавлда «Болашақ» корпоративтік қорының ұйымдастыруымен «Жемқорлыққа жол жоқ» атты интеллектуалды ойын өтті. Бейнематериалға назар аударыңыздар.


Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ! Бүгінде әр азаматтың осы бағытта өз жеке көзқарасын қалыптастыруы аса маңызды. С.Мұқанов атындағы Облыстық кітапханада өтіп жатқан тартысты ойынның да көздегені осы. Интеллектуалды жарысқа жиналғандар жемқорлық тұрғысындағы заңдарды, ережелер мен құқықтық мағлұматтарды қамтыды.


ДАМИР ХАБИБУЛИН, ҚР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ СҚО БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

- Осындай шаралар сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалыстың негізі болып табылады. Оның ішінде жастарды ерекше атап өткім келеді. Мемлекет пен жұртшылық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру аса маңызды. Қатысушылар бүгінгі интеллектуалды ойында, осы саладағы білімін толық көрсетеді деген ойдамын.


Ойынға жиналғандар топ болып ұяшықтардағы сұрақтарға жауап берді. Іс-шараға Қозыбаев университетінің «Саналы ұрпақ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бөлім студенттері, жастар қоғамдық бірлестігінің көшбасшыларынан тұратын құрама және кітапхананың жас қызметкерлері қатысты. Интеллектуалды ойынға қатысушы Сәлімхан Сәбитовтың айтуынша жемқорлық тек біздің еліміздің ғана емес, бүкіл әлемнің дерті.


СӘЛІМХАН СӘБИТОВ, СҚО ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МАМАНЫ:


 Іс-шара соңында жеңімпаз топтар алғыс хат, сертификат, ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Еске сала кетейік, халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні 2004 жылдан бастап атап өтіледі.



Айнұр Досан