Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында мемлекеттік орган және басқа да сот өндірістері басшыларына арналаған семинар ұйымдастырылды. Отырыста әкімшілік рәсімдік кодекстың негізгі ережелері түсіндірілді. Ол қандай ережелер? Әміре Ақбатай толықтырады.
Әкімшілік сот өндірістері президент Қасым Жомарт Тоқаевтың жарлығымен өткен жылдың1 шілдесінен өз жұмысын бастады. Олар мемлекеттік органдарға жасалған шағымдарды тексереді. Мәселен бұрын жеке тұлға мемлекеттік орган шешімімен келіспесе, өз шағымын дәлелдеуі керек болатын. Ал енді әкімшілік сотқа жүгіну арқылы керісінше мемлекеттік орган өз шешімін қайта қарап, әкімшілік сот алдында есеп береді. Аталмыш нормаларды мемлекеттік орган өкілдері өз тарапынан дұрыс түсінуі үшін оларға тұрақты түрде семинарлар өткізіліп тұрады.
БЕРДІБЕК МҰСТАФИН , СҚО БОЙЫНША МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АУДАНАРАЛЫҚ ӘКІМШІЛІК СОТ ТӨРАҒАСЫ:
Семинарға мемлекеттік орган өкілдерінен бөлек, қаладағы басқа да сот өндірістерінің басшылары, адвокаттар мен заңгерлер шақыртылды. Басты мақсат әкімшілік рәсімдік кодекстың негізгі ережелерін және соттың белсенді рөлін түсіндіру. Семинарға қатысушылардың бірі-Адай Мағзұмов. Ол өңірдегі әділет департаменті басшысының орынбасары. Айтуынша, аталмыш заң бірінші кезекте қарапайым халық үшін тиімді .
АДАЙ МАҒЗҰМОВ , СҚО ӘДІЛЕТ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Ел арасында жаңа заң нормасынан бейхабар жандар әлі де бар. Сондықтан мұндай семинарларды әлі де ұйымдастыру жоспарланған.