Биыл ҚР Ұлттық ұланның 6637 әскери бөлімі өзінің 60 жылдық мерейтойын атап өтуде. Осыған орай салтанатты шара өткізіліп, ел тыныштығы мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп жүрген бірталай әскерилер мен ардагерлер марапатталды. Толығырақ келесі материалымызда.
60 жыл бұрын дәл осы күні 6637 әскери бөліміне жауынгерлік ту табысталады. Содан бері мұнда 30 мыңнан астам адам әскери дарялығын шыңдаған. Қазіргі күні де 1 мыңнан астам адам ел тыныштығы мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолында аянбай еңбек етіп жүр деді оларды облыс әкімінің атынан құттықтаған Дәулет Толыбай.
ДӘУЛЕТ ТОЛЫБАЙ, СҚО ӘКІМІНІҢ ҚОРҒАНЫС ЖӘНЕ ӘСКЕРИ ҚАУІПСІЗДІК ЖӨНІНДЕГІ КӨМЕКШІСІ:
- Әскери бөлімнің жеке құрамы түзеу мекемелерін күзету, сотталғандарды айдауылмен алып жүру, қоғамдық тәртіпті сақтау, сондай-ақ, Петропавл қаласы мен СҚО тұрғындарының конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөніндегі өз міндеттерін адал орындады. Оның дамуы біздің қарқынды дамып келе жатқан елімізбен тығыз байланысты.

Кейін темірдей тәртіпке бағынып, антына адал, сертіне берік қызмет етіп жүрген әскерилер марапатталды. Облыс әкімінің алғыс хатына ие болғандарың бірі – Досым Нұрсейіт. Ол бала кезінен форма киюді армандаған. Сол мақсатына қол жіткізген азамат 10 жылдан бері ҰҰ қатарында еңбек етеді.
ДОСЫМ НҰРСЕЙІТОВ, 66З7 ӘСКЕРИ БӨЛІМІ 1 АТҚЫШТАР РОТАСЫНЫҢ БӨЛІМШЕ КОМАНДИРІ:
- Біздің бірінші міндетіміз - тәртіпті сақтау. Негізгі жұмысымыз айдауылдау қарауылы. Сотталғандарды тасымалдаймыз. Сотқа, пойыздарға шығарып саламыз.
- Біздің бірінші міндетіміз - тәртіпті сақтау. Негізгі жұмысымыз айдауылдау қарауылы. Сотталғандарды тасымалдаймыз. Сотқа, пойыздарға шығарып саламыз.
Ал Олжабай Мусинге бұл күні ведомствалық награда бұйырды. Өмірінің 22 жылын салаға арнаған ол бүгінгі күні әскери бөлімшелердің жағдайы жақсарғандығын айтады.
ОЛЖАБАЙ МУСИН, 66З7 ӘСКЕРИ БӨЛІМІ АРТИЛЛЕРИЯЛЫҚ-ЗЕНИТТІК ДИВИЗИОНЫНЫҢ КОМАНДИРІ:
- 22 жылдың ішінде көп өзгеріс орын алды. Материалдық жағдайы, әчкери қызметшілердің жалақысы және де үймен қамтамасыз ету жағынан көптеген мәселелер шешілді. 2023 жылы да көптеген өзгерістер жасалады. «ҚР құқықтық тәртіп әскеріне 30 жыл» естелік төсбелгісімен марапатталып жатырмын. Менің қызметімнің бағаланғаны деп санаймын.

Кейін жиналғандар назарына концерттік бағдарлама ұсынылды.