Петропавлда «Үздік ілеспе аудармашы» облыстық байқауы өтті.  Оны   мәдинет,тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы ұйымдастырып отыр. Байқауда өңіріміздің үздік деген аудармашылары бақ сынады.

«Үздік ілеспе аудармашы» байқауы 3 кезеңнен тұрды,олар «Терминдер әлемі», «Ілеспе аударма шебері», және шешуші кезең «Үздік аударма».  Қатысушылар алғашқы кезеңде мемлекеттік терминологиялық комиссия бекіткен терминдерді білу деңгейінен сынға түсті.Ал екінші кезеңде қатысушыларға мәтінді қазақ тілінен орыс тіліне аудару шеберліктері тексерілді. Шешуші кезеңде қатысушылар - мәтінді орыс тілінен қазақ тіліне аудару қабілеттіліктері бойынша өз ара мықтыны анықтады.

НӘЗИРА БИМАҚОВА, ОБЛЫСТЫҚ  МӘДИНЕТ, ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ ЖӘНЕ АРХИВ ІСІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ  БАС МАМАНЫ:

Бүгін үздіктердің үздігі, қалалық және аудандық кезеңде жеңімпаз атанған 11 аудармашы облыстық деңгейде бақ сынауда.Араларында облыстық байқауға,аудандық сондай-ақ жергілікті атқарушы органдарының қызметкерлері де бар.Солардың бірі Жанна Фазлиева. Байқауға қатысушы Айыртау ауданынан келген. 

 ЖАННА ФАЗЛИЕВА, БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУШЫ:

Айта кетейік, «Үздік ілеспе аудармашы» байқауы облыстық деңгейде алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Оның  қорытындысы бойынша жеңімпаздар дипломдармен және алғыс хаттармен марапатталады.