15 солтүстікқазақстандық қыз-келіншек «Әйелдер көшбасшылығы мектебі» курсын аяқтады.

 Олар бір апта бойы әйелдер көшбасшылығы мен жеке бренд негіздері, әлеуметтік өмірдегі гендерлік мәселелер мен саясат саласында оқудан өткен. Бүгін курсты аяқтағандарға арнайы сертификаттар табысталды.  Айта кету керек, мектеп 8 жылдан бері түрлі мамандық иелері үшін курстар ұйымдастырып, заман талабына сай біліктіліктерін арттыруда. Яғни, іс-шараның мақсаты - әйелдердің қазіргі қоғамдағы рөлін арттырып, олардың көшбасшылық қабілеттерін дамытуға бағытталған. 

ГҮЛБАҚША МҰСАБАЕВА, «ӘЙЕЛДЕР КӨШБАСШЫЛЫҒЫ МЕКТЕБІ» КУРСЫНЫҢ СПИКЕРІ:
- Осы мектептің ең басты мақсаты - әйелді ораторлық өнер, өзінің психологиясына байланысты адамдармен қалай сөйлесу керек, эмоционалдық интеллект, болашақта депутат болғысы келсе оның саяси бағдарламасы, сонымен қатар, әйелдің денсаулығына байланысты да кездесулер болды. Осы мектепті бітірген әйелдер білімді қағазда қалдырмай, өмірлерінде енгізу.