Петропавлдағы «Зеленый Север» ЖШС-нің жылыжайында ауданы 11 мың шаршы метр болатын екінші кешен ашылды. Кешеннің жалпы ауданы - 3,7 га. Оның 3,2 га қияр отырғызылады. Жоба құны 7,2 млрд теңге.


Сұраныс ұсыныстан асып түсті, дейді жылыжай директоры Екатерина Асаенок. Осыған байланысты «Зеленый Север» ЖШС жаңа кешен ашты. Екатеринаның айтуынша, жаңа кешенге қияр наурыз айының соңында егілді. Ал мамыр айының басында қиярдың алғашқы өнімін жинау жоспарланып отыр.


ЕКАТЕРИНА АСАЁНОК, «ЗЕЛЁНЫЙ СЕВЕР» ЖШС ДИРЕКТОРЫ:

- Бұл қиярдың Бьорн деп аталатын түрі ол Гибрид. Бұл жерден біз күніне 3-4 тоннаға жуық өнім жинауды жоспарлап отырмыз. Бізде қазіргі таңда қиярға деген сұраныс жоғары, сол себепті әзірге тек көкөністің осы түрін өсіруді қолға алдық. Бізге сұранысты толығымен жабу керек.


Жылыжайдың бір бөлігінен күнделікті 8-10 тонна мева тұқымды қияр жиналады. Келісі қазіір 500 теңгеден.


ЕКАТЕРИНА АСАЁНОК, «ЗЕЛЕНЫЙ СЕВЕР» ЖШС ДИРЕКТОРЫ:

- Жылыжайда 70 адам еңбек етіп жатыр. Қызметкерлердің 80 пайызыы жалпы көкөніс өсіруге қатысады. Ал қалғаны 20 пайызы қөмекші қызметкерлер. яғни инженерлік, техникалық жұмыстарға жауапты. Бастапқыды нарықтан өз орнымызды таба алмаймыз ба деген қорқыныш болатын. Дегенмен қазір бәрі жақсы. Сұраныс та аз емес.


Жылыжай кешенінде өсірілетін қияр халық арасында сұранысқа ие. Жалпы өнім жергілікті нарықта сатылады. Сондай-ақ, Көкшетау мен Астана қалаларына жеткізіледі.