Петропавлға Қарағанды облысынан 3 жүк көлігімен гуманитарлық көмек жеткізілді.


40 тонна жүктің ішінде зардап шегушілерге қажетті заттардың барлығы бар. Бұл көліктерді Қарағанды облысының мәслихат депутаттары мен ЖОО бірлесе жіберген. Қазіргі уақытта өңіріміздегі қиын жағдайға ешкім бейжәй қарап жатқан жоқ. Облысқа елдің түпкір-түпкірінен гуманитарлық көмек жеткізілуде. Бүгін Қарағанды облысының кәсіпкерлері де солтүстікқазақстандықтарға қазіргі уақытта аса керек заттарды, қосымша 10 тонна картоп жіберген.


НҰРСҰЛТАН ШАМЕНОВ , «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ САЯСИ ЖҰМЫС БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ:

- Қарағанды облысы су апаты басталғалы бері шетте қалған емес. Қолдан келгенше қарапайым халықтан бастап, мемлекеттік органдар, қоғамдық институттар көмек көрсетуде.  Жалпы осы СҚО-нан алдын-ала тізім алып, қажетті заттарды жинақтаған болатынбыз. Көмектің басым бөлігі таза ауыз суы. Жаңа жылы киімдер мен резіңке етіктер, құрал-жабдықтар, және азық-түлік осы Петропавлға жеткізіліп отыр.