Облыста су тасқыны салдарынан 3,5 мыңға жуық үй су астында қалып, 14 мыңнан астам адам эвакуацияланған болатын. Тұрғындардың бір бөлігі Ескендір Дауытов атындағы қызмет көрсету саласы колледжінің студенттеріне арналған жатақханаға көшірілді. Қазір эвакопунктте 200-ден астам адам тұрып жатыр. Қауіпсіз жерге көшірілгендердің қатарында 40-қа жуық бала бар.


Өңірде су тасқыны басталғалы 500-ге жуық адам психологтардың көмегіне жүгінген. Төтенше жағдайға байланысты әсіресе балалар арнайы мамандардың көмегіне мұқтаж көрінеді. Сондықтан жергілікті университеттің психологиялық қызметі мамандары мен студенттері қайырымдылық концертін ұйымдастырды. Балалардың көңілін аулап, күйзелісті сәлде болсын жеңілдетпек ниетте.


КӘМИЛӘ ЖАМҰҚАНОВА, М.ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ СҚУ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ МАМАНЫ:

- Ең басты мақсат: эмоцияналды күйді тұрақтандыру. Біз университетттің психология қыхметінің ең басты мақсаты осы. Сондықтан осы ТЖ барысында тұрғындарға психологиялық көмек көрсету біздің міндетіміз болып табылады.


Қайырымдылық концертКЕ 30 студент-волонтер ат салысқан. Бірі ән айтса, енді бірі мультфильм кейіпкерлерінің костюмында келді.


АБЫЛАЙХАН АҚМАҒАМБЕТ, СТУДЕНТ

- Біз Қозыбаев университетінің атынан келіп отырмыз. Осындағы іс-шараны ұйымдастырдық. Елімізде болып жатқан жағдайға тағы жолықтырмасын. Қиын кезде бір бірімізді қолдап қаншама жандар келіп жатыр басқа қалалардан. Оларға да алғысымыз шексіз.


Еске сала кетейік, төтенше жағдайға байланысты өңірде 24 психолог-маман тұрғындармен тығыз жұмыс істеп жатыр. Және Петропавлдағы психикалық денсаулық орталықтарында арнайы 30 орын дайындалған.