Осыған дейін көлік құралдарын сенімхат арқылы сату мүмкін болса, енді ХҚКО-ларында көлік құралдарын тіркеу барысында міндетті нотариаттық куәландырылған көлікті сатып алу-сату шарты болуы тиіс. Ал мұндай куәландырудан бас тартқан жағдайда, екінші деңгейлі банктердің қосымшалары арқылы көлік құралын онлайн қайта рәсімдеу қажет.


Бұл өзгерістер мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында қолға алынған. Сондай-ақ, 23 сәуірден бастап жүргізуші куәлігін алуға үміткерлер емтиханды тек автомектепті бітіргеннен кейін ғана тапсыра алады. А және В, сондай-ақ А1 және В1 санатындағы куәліктерге үміткер жүргізушілердің өзін-өзі даярлау арқылы емтихан тапсыруына мүмкіндік беретін тармақтар емтихандарды қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру қағидаларынан алынып тасталды. Өзгерістер «Жол қозғалысы туралы» Қазақстан Республикасы заңының ережелеріне негізделіп, ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитетімен әзірленді. Қағидаға барлығы 53 түзету енгізілді.