Солтүстік Қазақстан облысының әкімі жұмыс сапарымен Қызылжар ауданында болды. Ғауез Нұрмұхамбетов Бескөл, Семиполатное, Большая Малышка ауылдарын аралап, су тасқынынан зардап шеккен тұрғындармен сөйлесті. Толғырақ келесі бейнематериалда.


Облыстың Қызылжар ауданы су тасқыны бойынша күрделі жағдай қалыптасқан аудандардың бірі. Мыңдаған тұрғындар эвакуацияланып, бірқатар елді-мекенге су кірді. Қазіргі жағдайды аймақ басшысы бақылап қайтты. Ғауез Нұрмұхамбетов Семиполатное, Большая Малышка мен аудан орталығы Бескөлде болды. Облыс әкімімен бірге су тасқыны салдарынан залал келген тұрғын үйлерді кәсіби бағалаушы да аралап қайтты.


- Касательно саманных домов, я рекомендую, вообще производит техэскпертизу. Потому что, они если намокли, для жилья они не пригодны. Они не сейчас, так позже развалятся. По ним необходимо, именно саманным делать техэспертизу.


Аймақ басшысы су ақырындап тартылып жатқан үйлерді аралап, зардап шеккен ауыл тұрғындарымен әңгімелесті. Қазіргі таңда біртіндеп баспаналардың жағдайын бағалау бойынша жұмыс басталып кетті. Қызылжар ауданының әкімі Сақтаған Сәдуақасов әр тұрғынға қажет көмек көрсетілетін жеткізді.


САҚТАҒАН СӘДУАҚАСОВ, ҚЫЗЫЛЖАР АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Су толығымен кетсін, тұрғындардың үйлеріне кіріп, жағдайды бағалаймыз. Қажет техниканың барлығы толығымен бар. Бригадаларды жіберіп, суды сору жұмыстарын жүргіземіз. Әр үйге, әр тұрғынға көмек көрсетіледі.


Аймақ басшысы техникалық тексеру мен бағалау жұмыстарын созбай, тез арада жүргізу қажет екенін айтты. Су үйлердің аумағынан кеткен кезде істі бірден қолға алу керек.


ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, СҚО ӘКІМІ:

- Елді-мекендерді аралап шықтым. Комиссия үйлерге жедел түрде техникалық тексеріс жүргізу қажет. Мемлекеттің қаражаты, біздің қаражатымыз бар. Сондықтан, бұл жұмысты шұғыл түрде қолға аламыз. Аудан әкіміне комиссиямен жедел жұмыс істеу міндетін қойдым. Көптеген үй су астында қалды, адамдар өз үйлеріне тезірек оралуы керек.


Облыс әкімінің сөзінше, егер комиссия үйді жөндеуді ұсынса, қалпына келтіру жұмыстары шұғыл түрде басталады. Ал баспана өмір сүруге жарамсыз деп бағаланса азаматтарға жаңа үй салынады немесе екінші нарықтан баспана сатып алынады.


ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, СҚО ӘКІМІ:

- Қай үйде қандай жағдайда екенін білу үшін техникалық тексеру мен бағалауды жүргізіледі. Аудан әкімі мен кәсіби бағалаушы бүгін менімен бірге жүр. Бір үйден су кетсе, бірден бағалау жүргізу керек. Келесі үйде кетті ме, келесіні қолға алу қажет. Құрылыс бригадалары бар. Барлық үйлерден су кеткенін тоспау үшін істі жеделдету мақсатында аудандарда бригадалар құрдық.


Облыс әкімі алыпсатарлық орын алмау керектігін айтты. Сондықтан, құрылыс материалдарының бағалары бақылауда болады. Айта кетейік, Қызылжар ауданында су тасқынынан зардап шеккен 860 азаматқа әлеуметтік көмек көмек көрсетілді.