Петропавлда қазір су басқан аудандарда гуманитарлық көмек таратылатын 3 арнайы орын ашылған. Ол жерде волонтерлар мен қоғамдық штаб өкілдері және сол аудан тұрғындары зардап шегушілерге қажетті заттарын таратып береді. Бұл елдің түпкір-түпкірінен келген гуманитарлық көмек қолды болмау мақсатында жасалған. Қазіргі уақытта облыс орталығында тасқын судан зардап шеккен 3 мыңнан астам адам гуманитарлық көмек алған.


Облыста болып жатқан төтенше жағдайға байланысты республикалық «Асар Уме» қайырымдылық қоры екі аптадан бері өңір тұрғындарына көмектесіп келеді. Қор мүшелері Прибрежныйдағы адамдарды қауіпсіз жерге көшіру жұмыстарына да қатысқан. Сонымен қатар, облыс тұрғындарына 200 мың тонна таза су таратып, гуманитарлық көмекте әкелген.


ЕРМҰРАТ ҚАБИДЕНОВ, «ASARUME» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ҚОРЫ КОНТЕНТ БӨЛІМІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

- ТЖД, полицейлермен бірге біз Шал ақын ауданында, Прибрежный, Соколовка елді мекендерінде бөгеттерді тұрғызуға да көмектестік. Гуманитарлық көмек таратуға да қол ұшын беріп жатырмыз. Жалпы біздің қордан 3 штаб құрылған. Екеуі СҚО-да, тағы біреу Ақмола облысының Державинск қаласында. Біз және басқа да адамдар әкелген гунматирлық көмек барлық зардап шегушілердің қолына тиіп жатыр. Оны біздің штабтың мүшелері, волонтерлар, жауапты мамандар қадағалауда.


Облыста тасқын судан зардап шегушілерге көмектесу мақсатында қоғамдық штаб құрылған. Оның мүшелері сонымен қатар, елдің түпкір-түпкірінен келген гуманитарлық көмектің қолды болмауын да қадағалайды. Осы мақсатта Петропавлда су басқан аудандарда арнайы 3 орын ашылған. Ол жерде зардап шегушілерге қажетті заттар таратылады.


ҚАЛИЯ ТҮРЕНОВА, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

-Қазір бізге жан-жақтан гуманитарлық көмек жеткізіл жатыр. Оның зардап шегушілерге таратылуыда басты назарда. Қазір бізде Заречный, Былғары зауыты мен Ойқала ықшам аудандарында гуманитарлық көмек таратылатын орындар ашылды. Ол жерге волонтерлар, қоғамдық штаб мүшелерінен басқа арнайы координаторлар да бекітілді. Ол мектеп директорылы мен тұрығындар. Өз аудандарындағы, көшелеріндегі адамдарды жақсы танитын, шынымен кімге көмек қажет екенін білетін адамдар.


Қазір әлеуметтік желілерде гуманитарлық көмек қолды болып жатыр деген түрлі жалған ақпарат тарап жатыр. Алайда, бұл шындыққа жанаспайды. Себебі, басқа өңірлерден келген гуманитарлық көмектердің таратылуы облыс депутаттарының да қадағалауында.


СӘУЛЕ СҰРАҒАНОВА, ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ:

- Бүгін біздің Қарағандылық әріптестерден гуманитарлық көмек келді. Бұл заттар қазір судан зардап шеккен адамдарға өте қажет. Үйлері су астында қалған адам өзінің жеке куәлігімен келіп қажет затын ала-алады. Депутаттар да бұл қиын жағдайға бей-жәй қарамайды. Біз қоғамдық штаб құрамында бармыз. Және гуманитарлық көмектің таратылу барысын бақылаймыз.


Айта кетейік, қазіргі уақытта тасқын судан зардап шеккен 3мың облыс тұрғынына гуманитарлыө көмек берілген.