Түркістанда Түркия елінің мәдениет және туризм министрінің кеңесшілері Солмаз Хаберал мен Алпарслан Акынджы БАҚ өкілдерімен кездесу өткізді. Іс-шара түркі тілдес журналистер қорының ұйымдастыруымен өтті. Басқосуда түркия республикасы мәдениет және туризм министрлігіне қарасты туризмді дамыту агенттігінің 2024 жылға арналған жаңа жобалары, медициналық туризм мен спорт туризмі, жаңа мақсаттар мен жоспарлары жайлы, мәдениет және туризм саласында қазақстан мен түркия бірге жүзеге асыратын ортақ жобалары айтылды.


СОЛМАЗ ХАБЕРАЛ, ТҮРКИЯ РЕСПУБЛИКАСЫ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ТУРИЗМ МИНИСТРІНІҢ КЕҢЕСШІСІ:

- Мен жақында Түркия республикасының мәдениет және туризм министрінің кеңесшісі қызметіне кірістім. Осыған дейін мәдениет саласында көптеген жылдар қызмет еттім. Атажұртқа келгеніме, оның ішінде Түркістанға келгенім үшін қуанып отырмын. Алдағы уақытта мәдениет саласында бірлескен бірнеше үлкен жобаларды жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз. 


Былтыр Түркияға Қазақстаннан 800 мыңнан астам турист барған екен. Биыл бұл меже 1 млннан асады деп жоспарлануда. Сала мамандары Түркия туризм моделін Қазақстанға енгізу арқылы ел туризмін дамытуға екі жақты жұмыс жасауға ниетті екендерін жеткізді.


АЛПАРСЛАН АКЫНДЖЫ, ТҮРКИЯ РЕСПУБЛИКАСЫ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ТУРИЗМ МИНИСТРІНІҢ КЕҢЕСШІСІ: