Облыс әкімдігі мен Қазақстан халқына» қоры арасында су тасқынынан зардап шеккендерге 100 тұрғын үй салу туралы меморандум жасалды. «Солнечный – 2» шағын ауданында қысқа мерзімде құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін дайын инженерлік инфрақұрылым мен коммуникациялар бар.


Жақын арада жергілікті атқарушы органдар келтірілген шығынды бағалап және құрылысқа қажетті қорытындыларды дайындайды. Мамандар болашақта су басу қаупі жоқ жерлерден жер телімдерін бөлуі керек. Айта кетейік, бұған дейін «қазақстан халқына» қорының Қамқоршылық кеңесі еліміз бойынша үйлердің құрылысына 10 млрд теңге бөлу туралы шешімді бекіткен болатын. Қосымша, бұл мақсатқа 1-30 сәуір аралығында жиналған ерікті қайырымдылықтардан түскен қаражат бағытталатын болады. 24 сәуірдегі көрсеткіш бойынша қордың шоттарына 2,9 млрд теңге түсті.