Облысқа Тәжікстан мемлекетінен 16 вагон гуманитарлық көмек келді. Онда азық-түлік пен киім-кешектен бөлек, су басқан өңірлер үшін аса қажет құрал-жабдықтар да бар.


Аққайың ауданы Смирново ауылына бауырлас Тәжікстан елінен 16 вагон гуманитарлық көмек жетті. Жүк, су тасқынынан зардап шеккен Заречный кентінің, Ойқала және Былғары зауыты ықшам аудандарының, сондай-ақ Қызылжар ауданының тұрғындарына таратылатын болады.


АЛМА НҰРҒАЛИЕВА, ҚЫЗЫЛЖАР АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Осындай қиын кезеңде солтүстікқазақстандықтар үшін мұндай көмек өте қажет. Бүгінгі таңда бізде тасқын судан зардап шеккендер өте көп. Атап айтсам, Қызылжар ауданында бүгінгі таңда 8000-нан астам адам эвакуацияланды. Эвакапункттерде, барлық дүние-мүлкін жоғалтқан адамдар көп біз бірінші кезекте оларға көмектесетін боламыз.


Гуманитарлық көмекті қабылдап алуға 120 әскери қызметші мен Қарағанды облысы ТЖД-нің 40 маманы жұмылдырылды.


БАҚТИЯР БИКЕНЕВ, «ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІ ІСТЕРІ БАСҚАРМАСЫ» КММ БАСШЫСЫ:

- Барлық жиналған көмек тасқын судан зардап шеккен тұрғындарға таратылады. Қазір вагондардан түсіріп, жүк көліктеріне артып жатырмыз. Кейін судан зардап шеккендер уақытша тұрып жатқан орындарға жібереміз.. Қызылжар ауданына да көмек керек, сол себепті



ЗКТ: Еске сала кетейік, Тәжікстан судан зардап шеккен Қазақстанның 9 облысына 50 вагон гуманитарлық көмек жіберген болатын.