М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде студенттердің коммуникативтік құзыреттілігін арттыруға бағытталған психологиялық клубтың тұсаукесері өтті. Бұл психикалық денсаулықты сақтап, оны нығайтуға көмектеседі.

Аталмыш клуб студенттерді психологиялық қолдау бойынша жеке және  топтық жұмыс алаңы ғана емес,  сонымен қатар, өзгелермен тіл табыса алмай, қиындыққа ұшараған жастарға  басқалармен қарым-қатынас жасауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, бос уақыттарын ұтымды пайдалануға үйретеді.

МАРИЯ ГЕЙН, KOZYBAYEV UNIVERSITY психологиялық клубының жетекшісі:
- Біз осы клубты балалардың араласып, өз мәселелерін ортаға салып әңгімелесуі үшін ғана емес, оларды басқа адамды тыңдай білуі, оған қол ұшын созуды үйрету үшін ашқан болатынбыз. Жастар бұл жерде өзінің алаңдатқан мәселесін ойталқыға салып, еркін байланыс орнатып, өздерінің жалғыз емес екендерін сезінеді.