Петропавлда таза бейсенбі акциясы өтті.  Оған облыс орталығындағы барлық мекемелер қатысып, халық көп шоғырланатын демалыс орындары – саябақтар, скверлер қоқыстан тазартылды. Тазалық іс-шарасына қала тұрғындары да үлес қосты.

 Облыс орталығындағы тазалық акциясына, қалалық әкімдіктің мәліметінше, 1500-ге жуық адам ат салысты. Қолына сыпырғыш, күрек ұстаған тұрғындар, мемлекеттік қызметкерлер саябақтар, сквер мен ескерткіштердің маңын қоқыстан тазартты. Бүгінгі іс-шараның бел ортасында ардагерлер кеңесінің мүшелері жүр. 

ЖАНГЕЛДІ ТӘЖИН, ОБЛЫСТЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 Шаһардағы тазалық акциясына  20-ға жуық техника жұмылдырылған,  100-ге тарта ұжым ат салысты. Олар күнделікті жұмыстарынан бір сәт бас көтеріп, қаланың көркеюіне үлестерін қосты. Сондай-ақ Петропавлдың шеткі аудандары да назардан тыс қалмады. Мұндағы заңсыз пайда болған қоқыс алаңдары тазартылып жатыр. 

ӘСЕМ АЙТУЛОВА, ТКШ, ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БӨЛІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Ал, Жеңіс саябағында облыстық әкімдік  қызметкерлері тазалық орнатып жатыр. Айтуларынша, мұндай іс-шаралардан  қала тұрғындары да қалыс қалмаулары керек. Туған өлкені таза ұстау – әркімге міндет. Бүгінгі күні облыс орталығындағы барлық саябақтар жөңге келтірілді.Айта кетейік таза бейсенбі акция 1ай бойы жалғаспақ.