Облыстық көпсалалы балалар ауруханасы жаңа медициналық қондырғымен толықты.   Эндоскопиялық тіреу деп аталатын жаңа жабдық аурухананың отоларингология бөлімшесіне Германиядан әкелінген. Енді кішкентай сырқаттарға жасалатын оталар анағұрлым сапалы әрі қауіпсіз жүргізілмек.

 Құрылғы аденоидтар мен палатиналық бездердің гипертрофиясы, отит сынды диагноздарды жеңуге көмектеседі. Мұнда он күн ішінде 20 ота жасалыпты.  Бүгін төрт жасар балаға эндоскопиялық аденотомия диагнозы қойылып, ота жасалды.  Айта кету керек, жаңа жабдықтың арқасында енді басқа қалаларға бару қажеттілігі туындамайды. Жаңа қондырғыны алуға  облыстық бюджеттен 75 миллион теңге жұмсалды.

АБЗАЛ БӨЛЕКБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ КӨПСАЛАЛЫ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫ ОТОЛАРИНГОЛОГИЯ БӨЛІМШЕСІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ: