Уәлиханов ауданының орталығы Кішкенекөл ауылында жолдарда күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Екі жылға есептелген жоба аясында 2021-ші жылы елді мекен көшелеренің 10 шақырымы дұпрысталды.  Қалған 2 шақырымы осы жылдың қазан айында тапсырылады. Арнамыздың түсіру тобы жұмыс барысын көрді. 
 
 Аудан орталығы Кішкенекөлде бүгінгі күні 653 адам тұрады. Тұрғындар ауылішілік көше жолдарының  жөнге келтіріліп жатқанына қуанышты. 
 
- Жолдар істелініп жатыр. Қайрат Сакенович келгелі бері аудан дамып жатыр.30 жыл бойы асфальт болмап еді дұрыс.
 
- Жөндеу жұмыстары сапалы түрде жүргізіліп жатыр. Ауыл тұрғындары риза. 
 
- Ауыл ішіндегі жаңа тас жолдарға қуанып жатырмыз. Кішкенекөлде тек осындай көшелер болса екен дейміз.
 
Жалпы, 2021-ші жылдан бері Кішкенекөл ауылында 18 көше жөнделді. Екі жылға жоспарланған жоба аясында 12 шақырым ретке келтірілді.  Бұл жұмыстарға «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында 483 млн теңге бағытталды.
 
ҚАНАТ САТЫБАЛДИН, КІШКЕНЕКӨЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ: 
-   Бүгінгі күні мына алаңдағы жөндеу жұмыстарына  10-ға жуық техникамен 8 маман жұмылдырылған. Жалпы, облыста битум жетіспеушілігі мәселесі бар. Уәлиханов ауданында мұндай проблема жоқ. Себебі жоба өткен жылы басталған еді. 
 
 Бұдан бөлек жақында Кішкенекөл ауылының тағы 27 көшесінде жөндеу жүргізілмек. Осылайша елді мекеннің 22 шақырымы жаңартылмақ. Оған 598 млн теңге бөлініп отыр.
 
Майгүл Сейілбек