«Соколов» орман шаруашылығы  78 гектар  жерді алып жатыр.  Орманшылар шіріген ағаштарды кесіп, орманды алқаптарды өрттен сақтаумен қатар  көшеттер отырғызады.  Биыл мұнда 70 гектер жерге 500 мың ағаш отырғызу жоспарланған.    

Барлық көшеттер жергілікті  тәлімбақтардан алынады.  Мұнда  шыршалар мен қайың  көшеттері  екі жыл бойы күтіп, бапталады. Көшеттер механикалық жолмен  отырғызылмақ. 

Ал, күзде  ағаштарды түгендеп,   өспей қалғандарының орнына  көшеттерді қайта отырғызады.

 

Әсел  ОРАЗБАЕВА