Өткен демалыстарда Петропавлда спорттық бал биінен облыстық жабық чемпионат өтті. Өнер додасына 5 би мектебінің тәрбиеленушілері қатысты. Жарыс бағдарламасының әр түрлерінде қатысушылар жүрек тебірентететін вальс, романтикалық румба, ырғақты квикстеп орындады.
Қатысушылар би алаңына попурри орындап шықты. Балалар әуезді ән ырғағымен түрлі би элементтерін орындап, өзара мықтыны анықтамақ. чемпионатта жас ерекшелігі 4-тен 16-ға дейінгі қыздар мен ұлдар бас қосқан. Олар еуропалық және латынамерикалық бағдарламалардың он биін және қоссайыстың толыққанды бағдарламасын орындау арқылы кәсіби деңгейге дейін екі би орындайды.
АЛЕКСАНДРА ЕРЕМЕЕВА, СҚО СПОРТТЫҚ БИ БОЙЫНША АҒА ЖАТТЫҚТЫРУШЫ:
- Біздің өңіріміз би спорты саласында бірнеше жыл қатарынан халықаралық және республикалық байқауларды жоғары деңгейде ұйымдастырып жүр. Осының арқасында бұл спорт түрі біздің жеткіншектердің арасында үлкен сұранысқа ие. Әкімдіктің және дене шынықтыру және спорт басқармасының бірлесе қабылдаған шешімінің арқасында бүгін біз тек өзіміздің облысымыздың бишілерінің арасында сайыс өткізіп отырмыз.
Бұл күні бэйби категориясындағы жас ерекшеліктері 5-тен 7-ге дейінгі бүлдіршіндер алаңда ерекше өнер көрсетіп, барша жиналған қауымның сүйіспеншілігіне бөленді. Кербездік пен әсемдікке толы вальс орындап, көрермендерге өз өнерлерін паш еткендердің бірі Мәулен Қожахмет пен Мила Политкинаның жұбы.
МӘУЛЕН ҚОЖАХМЕТ ЖӘНЕ МИЛА ПОЛИТКИНА, ҚАТЫСУШЫ:
- Мен билеумен айналыссам.... бастадым өйткені менің анам ..... мен арқамды түзу ұстаймын. Маған би ұнайды. Мен Астанада 2-ші орынға биледім.
- Маған би әдемі болғандықтан өте қатты ұнайды. Биге мені анам ертіп алып келді. Біз бірнеше сайыстарға қатыстық. Бимен айналысып жүргеніме көп уақыт болды.
Жергілікті бишілеріміз дүбірлі додаларда қала намысын қорғап үнемі биік тұғырдан көрініп жүреді. Осының арқасында қаламыз еліміздің ең мықты үштігіне кіреді. Қатысушылардың өнерін осы салада ұзақ жылдар бойы жүрген елорданың ең мықты өнерпаздары бағалады.
СЕРГЕЙ ЛЯЙСЕНОВ, ТӨРЕШІ, АСТАНА ҚАЛАСЫ:
- Менің ойымша ең басты бағалау өлшемі - ол әрқашан ән ырғағына сай қозғалу. Сонымен қатар, бишілеріміздің өнерін әдемі орындауынан, яғни дене қозғалысынан, би элементтерінен де бағалаймыз.
Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар медальдармен және кубоктармен марапатталды.
Майгүл СЕЙІЛБЕК