Николай Погодин атындағы орыс драма театрында спорт күніне арналған салтанатты жиын өтті. Шара барысында осы салада көп жылдар бойы еңбек етіп, спортты дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін 20 –ға жуық жерлесіміз министрлік және облыс әкімінің атынан арнайы наградалармен марапатталды.

Спорт - мемлекеттің мәртебесін, ұлттың намысын айқындайтын көрсеткіш. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев спортты дамытуға, салауатты өмір салтына айырықша көңіл бөлуде. Бүгінгі толағай табыстарға қол жеткізуде әлемнің әр түпкірінде қазақ елінің  әнұранын шырқап, еліміздің абыройын асқақсатып жүрген солтүстікқазақстандықтар жетерлік. Салтанатты шарада жиналғандарды облыс әкімінің атынан оның орынбасары Антон Федяев құттықтады.

АНТОН ФЕДЯЕВ, ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Құрметті солтүстікқазақстандықтар аймақта спорт саласының дамуына үлкен үлес қосып жүрген бапкерлер мен спорт саңлақтарын, спорт ардагерлерін спорт күнімен шын жүректен құттықтаймын. Бейбіт елде берекелі еңбек етіп, толағай табыстарға жете беріңіздер. Сіздерге зор денсаулық ұзақ өмір тілейміз. Мерекелеріңізбен!!!!

Бүгінгі күні облыста 170 мыңнан астам адам спортпен айналысады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда әлдеқайда жоғары. Яғни, өсім байқалады. Шара барысында спорт  күніне орай ондаған солтүстікқазақстандық облыс әкімінің атынан алғыс хаттармен құрмет грамоталарымен марапатталды. Оның ішінде Уәлихан Дәуренбеков та бар. Облыстың белдік күрес бойынша аға  жаттықтырушы бүгінгі күні талай спортшыны әлемдік деңгейге шығарды.

УӘЛИХАН ДӘУРЕНБЕКОВ, СҚО БЕЛДІК КҮРЕС БОЙЫНША АҒА ЖАТТЫҚТЫРУШЫ:

- Бүгін спорт күні. Барша әріптестерімізді осы ұлық мерекемен құттықтаймын. Жеңіске жете беріңіздер. Бүгін облыс әкімінің атынан құрмет грамотасына ие болдым. Өте қуаныштымын. Алда одан да биік белестерді бағындыруға тырысамыз.

Бұл күні ардагер спортшылар да ұмыт қалған жоқ. Елімізге белгілі, беделді тұлғалардың бірі Беспай Қайыпов та облыс әкімінің атынан құрмет грамотасымен марапатталды.

БЕСПАЙ ҚАЙЫПОВ,  КСРО  СПОРТ ШЕБЕРІ:

Мен өте қуаныштымын. Мен ризамын. Неге десеңіз жақсы кісілермен кездестім. Жақсы әріптестер. Жақсы менің менім шәкірттерім. Сол шәкірттермен  біз тіл табысып, үлкен жетістіктерге жеттік.

Сонымен қатар, жиын барысында «Qyzyljar» арнасының тілшілері Нұрбол Балғабеков пен Кирилл Потемкин облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Руслан Есеналиннің атынан марапатқа кенелді. Шара соңында жергілікті өнерпаздар ән мен биден шашу шашты.

Нұрбол БАЛҒАБЕКОВ

Тегтер: Петропавл жаңалықтары мен оқиғалары, Солтүстік Қазақстан облысының соңғы жаңалықтары, Петропавлдағы соңғы жаңалықтар, спорт күні, марапаттау