Кішкенекөл ауылындағы нөмірі 2-ші орта мектептің тарихы 1927 жылдан басталады. Осы аралықта білім ордасы мыңдаған түлек ұшырды. Олардың ішінде ұстаз атанып, алтын ұя – мектептеріне қайтып келіп жатқандары да бар.

2008 жылы мектеп жанынан  мұражай ашылды. Биыл Конституция күніне орай мұнда «Мәңгілік ел» атты зал да ашылды. Арнайы стеллаждарда  Қазақстан тарихы жайында мағлұматтар жазылған. Светлана Рашидованың туған жері - Махачкала. Ол өмірінің тең жартысын қазақ елінде өткізді. Светлана Рашидова да  мұражайға кавказ ұлтының папахасын, ұлттық пышақ пен шайын әкелген.

Жаңа оқу жылында Уәлиханов ауданы бойынша 3 мың оқушы мектеп табылдырығын аттады. Оның 300-бірінші сынып оқушылары. 

Ауданда мектепке дейінгі білім беру саласы да оң жолға қойылған. Бүгінде мұнда балабақшалар бой көтеріп, шағын орталықтар пайдалануға берілуде.

 

Аманжол НҰРТАЗИН