Түсірілімге келген журналистерді нысан басшылғы осылай қарсы алды. Апаттық жағдайға байланысты қалалық мәдениет үйінің жұмысы уақытша тоқтатылды. Әкімшілік құрамнан басқа қызметкерлер қашықтықтан жұмыс істеуде. Өйткені төбенің қалған бөлігі  құлауы әбден мүмкін.

ЖҰМАШ ТҰРСЫНБАЕВ, КҮЗЕТШІ

- Үстіңгі этажда болған. Әлгі звукооператордың кабинетінде. Балка согнулась. В общем запретили. Үстіне көтерілуге болмайды.

Ғимарат 90 жыл бұрын салынған. 2012 жылы күрделі жөндеу жасалған еді.  Мәдениет үйінде шығармашылық ұжымдармен қатар мектеп жасындағы балаларға арналған 25 үйірме жұмыс істеп келген болатын. Қазір 546 бала жетекшілерімен бірге қаладағы басқа орталықтарға барып жүр. 

АСҚАР ХАБИБУЛИН, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Балка майысты. ПСД қазір экспертизада жатыр. Алғаннан кейін біз ДК-ны ремонттаймыз. Облыс бюджетке қаражат жаздық. Экспертиза біткеннен кейін олар қаржы бөліп, біз ремонтты бастаймыз.